Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 04 мамырдағы № 147 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Маңғыстау филиалының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң инспекциялық органы, Ақтау қ. аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Изыскатель ПВ» фирмасы ЖШС-ң сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
2) «ЗерноАгроЭксперт» ЖШС-ң сынақ орталығы, Петропавл қ.;
3) «Қазақстан көлік құралдарының сәйкестігін бағалау институты» ЖШС-ң сынақ зертханасы (КИОСТ), Астана қ.;
4) «М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті» КЕАҚ-ң «Құрылымдық және биохимиялық материалдар» инженерлік бейіндегі аймақтық сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
5) «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-ң «Перспективалық материалдар және технологиялар» сынақ зертханасы, Алматы қ.;
6) «Компания Сателлит» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы, Атырау қ.;
7) «SARAP-TAU» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
8) «а-Центр» (альфа-центр) ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
9) «ВлаМар-Test» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «KAZAUTOCERT» ЖШС-ң өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органына, Алматы қ.;
2) «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру «инженерлік бейіндегі сынақ зертханасына, Қарағанды қ.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «Сырласу» ЖШС-ң сынақ зертханасына, Батыс Қазақстан, Бөрлі ауданы, С. О. Березовский аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «RAM Engineering&Service» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының,
Атырау қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Маңғыстау атом энергетикалық Казатомпром-комбинаты» ЖШС-ң сынақ зертханасынан / «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-ң сынақ зертханасына, Ақтау қ.;
2) «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ жанындағы «Агроэкологиялық сынақ орталығы (зертхана)» сынақ зертханасынан / «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ сынақ зертханасына, Астана қ.;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Алматы облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығынан / Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жетісу облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығына, Талдықорған қ.;
4) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасынан, Көкшетау қ. / Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасы, Көкшетау қ.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.