Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
1) тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 04 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 16-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Көкшетау қ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасының 09.02.2022 жылы берілген
№ KZ.Т.03.E0810 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын бактериологиялық зертхана бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.