«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Leica Geosystems Kazakhstan» (Лейка Геосистемс Казахстан) ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2018 жылғы 16 мамырдағы № KZ.P.02.1369 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 16 мамырдан 2023 жылғы 16 тамызға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.