Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 04 мамырдағы № 157 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «СЭЛДОМ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Көкшетау қ.;
2) Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының жерді іздеу, мониторингілеу және зертханалық зерттеулер басқармасының сынақ зертханасы (орталығы), Павлодар қ.;
3) «Про Эксперт Строй» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
4) «Қазақстан жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
5) «Береке-Жан» ЖШС-ң медициналық-экологиялық зерттеулер ғылыми-практикалық орталығының сынақ зертханасы (орталығы), Қарағанды қ.;
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Құмкөл ш / а, Eco Guard ЖШС-ң сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Қызылорда қ. «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС-ң сынақ орталығына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасынан, Көкшетау қ. / Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасы, Павлодар қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлттык аккредиттеу орталығы» Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.