Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 23 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 17-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақсай қ. «Батыс өндіріс-құрылыс сервисі» ЖШС персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органының 03.11.2021 жылы берілген № KZ.S.09.E0667 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Акимов А.А. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.