Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 23 мамырдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 19-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «Қазақстандық салыстырып тексеру және калибрлеу орталығы» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 05.11.2021 жылы берілген
№ KZ.P.02.E0654 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын 07 өлшем түрі бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Акимов А.А. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.