Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 23 мамырдағы № 166 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ІЅО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «КДЛ ОЛИМП» ЖШС Алматы филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының Қарасай бөлімшесінің клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасы, Қаскелең қаласы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Промбезтехнология» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Көкшетау қ.;
2) «АвтоСертАктау» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
3) «QualityLab» ЖШС-ң сынақ (стационарлық және мобильді) зертханасы, Ақтау қ.;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Қазалы аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би ауылы;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Сырдария аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті;
6) «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС санитарлық зертханасы, Павлодар қ.;
7) «Алпамыс-СК» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.;
8) «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
9) «Инжгеосистем» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ..
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Digital Pipeline Services (Digital Pipline Сервисез)» ЖШС-ң бұзылмайтын бақылау сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
2) «Инновация және реинжиниринг экологиялық орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Тараз қ.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «Электромагниттік үйлесімділік және ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС («НЦЦ ЭЛМАС-БИС» ЖШС), Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісінің қайта ұйымдастырылуына байланысты «Қазфосфат» ЖШС (ҚДФЗ) Жамбыл филиалының «Ауа қызметі» сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, ҚДФЗ аумағы.
6. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «Қашаған құрылыс Бірлестиги» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. Аккредиттеу субъектісінің мекен жай атауының өзгеруіне байланысты Ақтөбе облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК сынақ зертханасы, Ақтөбе қаласы аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
8. Аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» және ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Green Benefits» ЖШС-ң валидация және верификация жөніндегі органға, Астана қ.;
2) «ЭКОС» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органға,Астана қ.
9. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
10. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
12. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 543-ОД 24.05.2023 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
25 мая 2023