Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 3 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 23 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» РММ Шымкент қаласындағы сынақ зертханасы, Шымкент қ. сынақ зертханасы аккредиттелсін.
2. «QC Laboratory» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ. атауы «Испытательная лаборатория «СТРОЙЭКСПЕРТ» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ. атауына өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» ШЖҚ) құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармақта көрсетілген аккредиттеу субъектімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
4. «ҰАО» ШЖҚ талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.