Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы»-«Ақтобе магистралдық желі бөлімшесі» АҚ филиалының салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 23 қантардағы № KZ.P.05.0403 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «ТМЗ Сервис Казахстан» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № KZ.P.03.1467 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 558-ОД 25.05.2023 Аккредиттеу аттестаттарының қолданысын тоқтату туралы
25 мая 2023