Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 10 желтоқсандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 24 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес «Казахстанский центр проверки квалификации» ЖШС біліктілікті тексеру провайдері, Алматы қ. аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ орталықтары аккредиттелсін:
«SertSoft» ЖШС сынақ орталығы, Алматы қ.;
«Ecology Business Consulting» ЖШС сынақ орталығы (стационарлық және жылжымалы зертханалар), Нұр-Сұлтан қ.;
2.2 «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар облысы, Екібастұз қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«SPACE» («СПЭЙС») ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
«КазГидроМедь» ЖШС инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
«Проммашкомплект» ЖШС бұзбай бақылау зертханасы, Павлодар облысы, Екібастұз қ.;
3.2 «Инженерлік-техникалық орталық «Industrial Expert» ЖШС сынақ зертханасы, Батыс Қазақстан облысы аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» ШЖҚ) құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. «ҰАО» ШЖҚ талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.