Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 8 маусымдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 23-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Тараз қ. Жамбыл облысы бойынша «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасының 16.07.2020 жылы берілген
№ KZ.T.08.0653 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Акимов А.А. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.