Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 8 маусымдағы № 181 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Қазақтелеком» АҚ-ң филиалы «Желі» дивизионы» бірлестігінің калибрлеу зертханасы, Алматы қ.;
2) «BONA ELECTRIC (БОНА ЭЛЕКТРИК)» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
3) «Мунай-Экспертиза» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Петропавл қ.;
2. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Ecology Expert» (Эколоджи Эксперт) ЖШС-ң аналитикалық зертханасына, Алматы қ.;
2) «КранэнергоЛТД» ЖШС-ң өнім сәйкестігін растау жөніндегі органына, Алматы қ.;
3) «Тепло KZ» салыстырып тексеру зертханасына, Астана қ.;
4) «Тепло KZ» калибрлеу зертханасына, Астана қ.;
3. Аккредиттеу субъектісінің қайта ұйымдастырылуына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «ИВТ-Зерде» ЖШС «ИВТ-Зерде «филиалының» дайын өнімді сертификаттау орталығы» сынақ зертханасынан / «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-ң дайын өнімді сертификаттау зертханасы / сынақ зертаханасына, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылы;
2) «Жоғары технологиялар институты «ЖШС» ИВТ-ЗЕРДЕ» филиалының Батыс салыстырып тексеру зертханасынан / «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-ң Батыс салыстырып тексеру зертханасына, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Шиелі ауданы, «Қарамұрын» кеніші.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.