«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармақтың 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне «Kamkor Service» ЖШС сынақ зертханасының 2021 жылғы 06 қазандағы № KZ.T.01.E0577 аккредиттеу аттестаты физико-химиялық және механикалық сынау қызметтері бөлігінде, 2023 жылдың 02 желтоқсанға дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және осы ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру туралы аккредиттеу субъектісіне хабарлама жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.