«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармақтың 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ «Семей» филиалының өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2019 жылғы 01 шілдегі № КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестаты «Құрылыс материалдары мен конструкциялары» аккредиттеу саласы бөлігінде, 2023 жылдың 05 желтоқсанға дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және осы ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру туралы аккредиттеу субъектісіне хабарлама жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.