Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 бабына сәйкес және 2023 жылғы 15 маусымдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының
№ 186 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК-ң Бас директорының м. а. «Аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы» 19.04.2023 жылғы № 400-НҚ бұйрығының 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Осы бұйрық 29.05.2023 жылдан бастап күшіне енеді».
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Семей қ. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ «Семей» филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органына хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары А.А. Акимовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 645-ОД 16.06.2023 Аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы
16 июня 2023