«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс-Қазақстан облысы бойынша филиалының қоршаған орта жағдайын мониторингтеу кешенді зертханасының 2018 жылғы 18 маусымдағы № KZ.T.07.1396 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 18 маусымнан 2023 жылғы 18 қыркүйекке дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.