Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
1 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 24 маусымдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 24-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «MetraCom» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының 30.12.2020 жылы берілген № KZ.Р.02.2408 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е.Ж. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.