Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2023 жылғы маусым айының 24 күнгі № 13-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ. «Тепло KZ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 29.03.2022 жылы берілген № KZ.P.01.E0893 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «өлшемнің 10 түрі» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.