Астана қаласы сотының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 7199-23-00-3а/552 Қаулысы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» РММ сынақ зертханасының 2020 жылғы 23 қантардағы № KZ.T.01.2301 аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру туралы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1701-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Н.Т. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.