Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 23 маусымдағы № 194, №195 және № 196 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ІЅО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ақмола облыстық ЖИТС – пен күрес және алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны, Көкшетау қ.;
2) «МЫРЗА-ХАН» ЖШС филиалының «ОЛИМП» медициналық зертханасы, Астана қ.;
3) «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ң зертханалық диагностика бөлімшесінің медициналық зертханасы, Алматы қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес «Локомотив Транс 2011» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды облысы, Ақадыр кенті аккредиттелсін.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Гигиенист VII» ЖШС-ң сынақ зертханасының, Ақтөбе қ.;
2) «Metrological Expert» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Астана қ.;
3) «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «ЭКОС» ЖШС-ң мобильді сынақ зертханасы, Астана қ.;
2) «НЦ «Каз Энерго Стандарт» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
3) «АБ Транссервис-LTD» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Астана қ.;
4) «АБ Транссервис-LTD» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Астана қ.
5. Аккредиттеу субъектісінің атауы өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруышылық жүргізу құқығындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны, Алматы қ. / Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруышылық жүргізу құқығындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» комуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мамандандырылған медициналық зертханасы, Алматы қ.
2) Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы, Павлодар қ. / Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы, Павлодар қ.
6. Аккредиттеу субъектісінің қайта ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасынан (Қарасай аудандық бөлімшесі), Қапшағай қ. / Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының (Қарасай аудандық бөлімшесі) сынақ зертханасына, Қонаев қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. Аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» және ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты «Eurasian GHG Management» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органына, Ақмола облысы, Щучинск қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
8. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 695-ОД 29.06.2023 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
30 июня 2023