Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 3 шілдедегі № 201 және № 202 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Эталон Вес +» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Астана қ.;
2) «Алматыстройдос» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Уәлиханов аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
4) «Богатырь Комир» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Екібастұз қ.;
5) «San Эко» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
6) «ГеоТерр» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Астана қ.;
7) «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-ң бұзбайтын бақылау сынақ зертханасы, Астана қ.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Региональный Научно-Практический Центр «Система» ЖШС-ң сынақ зертханасының, Павлодар қ.;
2) «Фирма торговая палата» ЖШС-ң сынақ орталығының, Астана қ.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «Ақтөбе ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтөбе қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісінің атауы өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ПВХ РМК Ақтөбе облысы бойынша табиғи ортаның ластануын мониторингілеудің кешенді зертханасының сынақ зертханасы, Ақтөбе қ. / Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы филиалы табиғи ортаның ластануын мониторингілеудің кешенді зертханасының сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
2) Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Маңғыстау облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы Ақтау қ. / Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Маңғыстау облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы Ақтау қ.
5. Аккредиттеу субъектісінің қайта ұйымдастырылуына байланысты «Қаратау» тау-кен өңдейтін комплексі «КАЗФОСФАТ» ЖШС-ң филиалының өнеркәсіптік – санитарлық сынақ зертханасы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қ. / «ГПК Казфосфат» ЖШС өндірістік - санитариялық сынақ зертханасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қ.
6. Аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» және ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты «Ecology Business Consulting» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органына, Астана қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.