«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, және аккредиттеуден кейінгі шарттың 8.2 тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 15 желтоқсаннан 2022 жылғы 15 наурызға дейін ұзартылсын:
Павлодар қ., «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Павлодар филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының № KZ.M.14.1818 аккредиттеу аттестаты;
Нұр-Сұлтан қ., «Казлифтконсалтинг» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.01.0372 аккредиттеу аттестаты;
Ақтау қ., «Мангистауэнергомонтажналадка» ЖШС техникалық диагностика және бақылау сынақ зертханасының № KZ.И.13.1247 аккредиттеу аттестаты;
Зырян қ., «Казцинк-Энерго» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.07.1204 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қ., «САПА ИНТЕРСИСТЕМ» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.Q.02.0141 аккредиттеу аттестаты.
2. Атырау қ.,«МЫРЗА-ХАН» ЖШС Атырау филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының № KZ.M.06.1819 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2022 жылдғы 30 қаңтарға дейін ұзартылсын.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.