Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабының 2 тармағына сәйкес және 2023 жылғы 3 шілдедегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 26-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Шымкент қ. «AUTO EX» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасының 25.07.2022 жылы берілген № KZ.T.16.E1217 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Ұлттык аккредиттеу орталығы» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.