Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 17 шілдедегі № 211 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ. «АвтоГазЭксперт» ЖШС-ң инспекциялық органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ. «Сынақ зертханасы «Центр Сертификации Алматы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Алматы қ. «KazСпецСтрой» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Қостанай қ. «МегаМельПром» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Атырау облысы, Жылой ауданы, Теңіз кенті «DANA Engineering» ЖШС-ң құрылыс материалдары мен бұйымдарының мобильді сынақ зертханасы;
5) Қарағанды қ. Научно-технический центр «Охрана труда» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ. «НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС-ң сапаны бақылау бөлімінің сынақ зертханасына;
2) Қостанай қ. «Тепломонтаж 2010» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасына;
3) Тараз қ. «КАЗФОСФАТ» ЖШС-ң сынақ орталығына;
4) Қызылорда қ. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының салыстырып тексеру зертханасына;
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Семей қ. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Семей филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органына;
2) Ақтөбе қ. «ТНК «Казхром» АҚ филиалының - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының сынақ химиялық зертханасына;
3) Алматы қ. «RD fire group» ЖШС-ң (СО) сынақ зертханасына;
4) Астана қ. «Орган Метрологии и Сертификации» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасына;
4. Аккредиттеу субъектісінің атауы өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК филиалының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша химиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің (зертханасының) сынақ зертханасына / Алматы қ. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК филиалының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша химиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің (зертханасының) сынақ зертханасына;
2) Өскемен қ. «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасына / Өскемен қ. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасына.
3) Тараз қ. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасына / Тараз қ. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасына.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.