Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 2 тармағына сәйкес және 2023 жылғы 15 шілдедегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 27-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ. «Center Beton Company» ЖШС-ң сынақ зертханасының 23.10.2020 жылы берілген № KZ.T.01.2389 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.