Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
-
«Казахстанский центр проверки квалификации» ЖШС біліктілікті тексеру провайдері 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № KZ.C.02.E0702 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
3. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі:
«Казахстанский центр проверки квалификации» ЖШС, «14.12.2021 жылғы № 04-04/187 ППК-пост аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу туралы» 19.06.2023 жылғы № 01/1194-И хабарлама.