№ 219 хаттама негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының 2023 жылғы 24 ақпандағы 176-НҚ бұйрығының 3-тармағының 1-тармақшасына келесі редакцияда жазылсын: «3. ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдары аккредиттелсін: 1) «KazEcoProfit» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы, Астана қ.» 2. Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді