Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 21 шілдедегі № 218 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ІЅО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Астана қ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК, Астана қаласы бойынша филиалының медициналық зертханасы медициналық зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақтау қ. «Көлік құралдарын сараптау орталығы» ЖШС-ң Ақтау қаласындағы филиалының сынақ зертаханасы;
2) Алматы қ. «Юго-Западный Проект» ЖШС-ң бұзбайтын бақылау сынақ зертханасы;
3) Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов а / о, Панфилово
«RR-Standard» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Астана қ. «АБК-лаборатория» ЖШС-ң сынақ орталығы;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Степногорск қ., «ЭкоЛюкс-Ас» ЖШС-ң экологиялық мониторингінің сынақ орталығы (стационарлық/мобильді);
2) Ақтау қ. «ALAR GROUP» ЖШС-ң техникалық диагностика және бұзбайтын бақылаудың жылжымалы сынақ зертханасы;
3) Астана қ. «KazMedServiceGroup» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы;
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қарағанды қ. «GrandLab» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Алматы қ. «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК-ң денсаулық сақтау басқармасының мамандандырылған медициналық зертханасының;
3) Алматы қ. «Молекулярлық медицина орталығы» ЖШС-ң сы және Астана қ. филиалы «Молекулярлық медицина орталығы» ЖШС-ң медициналық зертханасының;
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты, Ақтау қ. «Ecotera» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің атауы өзгеруіне байланысты Тараз қ. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Жамбыл облысы бойынша филиалының табиғи ортаның ластануын мониторингтеу сынақ зертханасынан / Тараз қ. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Жамбыл облысы бойынша филиалының табиғи ортаның ластануын мониторингтеу сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.