Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 25 шілдедегі № 225 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ. «QAZAQ certification» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ІЅО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Петропавл қ. «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Солтүстік Қазақстан филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасы аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Қарағанды қ. «Сенім TradeLTD» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Алматы қ. «ALTA Telecom» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
3) Ақтау қ. «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС-ң сынақ орталығы;
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Алматы қ. «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС филиалының сынақ орталығына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Ақтау қ. «НИПИнефтегаз» АҚ-ң ғылыми-зерттеу зертханалық орталығының сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.