Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 28 шілдедегі № 228 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Қарағанды қ. «Prime Cert» ЖШС-ң менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың инспекциялық органдары аккредиттелсін:
1) Астана қ. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Астана филиалының инспекциялық органы;
2) Ақтау қ. «S&T-STANDART» ЖШС-ң инспекциялық органы.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ. «Сынама бақылау инспекциясы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Өскемен қ. «KoрундLtd» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Ақтау қ. «КАПЭ» ЖШС орталығының химия-талдау сынақ зертханасы;
4) Астана қ. «АБ Транссервис-LTD» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
5) Астана қ. «АБ Транссервис-LTD» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ. «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК-ң салыстырып тексеру зертханасының;
2) Тараз қ. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының;
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Тараз қ. «Қазфосфат» ЖШС-ң «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының сынақ өнеркәсіптік-санитарлық зертханасы;
2) Испытательная лаборатория ТОО «Центр Экспертизы и Испытаний»,
г. Усть-Каменогорск.
6. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Көкшетау қ. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Балқаш қ. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалының Балқаш қаласының қоршаған ортаның ластану жай-күйін бақылау кешенді зертханасының сынақ зертханасынан / Балқаш қ. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалының Балқаш қаласының қоршаған ортаның ластану жай-күйін бақылау кешенді зертханасының сынақ зертханасына;
2) Жезқазған қ. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалының Жезқазған қаласының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау сынақ зертханасынан / Жезқазған қ. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалының Жезқазған қаласының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау сынақ зертханасына;
3) Қарағанды қ. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалының Қарағанды қ. және Қарағанды облысы, Теміртау қ. қоршаған ортаның ластану жай-күйін бақылау кешенді зертханасының сынақ зертханасынан / Қарағанды қ. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалының Қарағанды қ. және Қарағанды облысы, Теміртау қ. қоршаған ортаның ластану жай-күйін бақылау кешенді зертханасының сынақ зертханасына;
4) Қостанай қ. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау сынақ зертханасынан / Қостанай қ. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау сынақ зертханасына.
8. Атырау қ. Аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыруға байланысты «АРИАТ» ЖШСң- сынақ зертханасынан / Атырау қ. «АРИАТ-НБ» ЖШС-ң сынақ зертханасына, аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
9. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
10. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
11. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
12. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.