Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 11 тамыздағы № 235 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» ҚР СТ ISO/IEC 17029-2020 «Сәйкестікті бағалау. Валидация және верификация органдарына қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптар» талаптарына сәйкес Қарағанды қ. «EcoProf KZ» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Алматы қ. «Капитель Сапа Инжиниринг» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
2) Ақтау қ. «Центр Радиационных Услуг» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Қарағанды қ. «Metals Testing Laboratory» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Өскемен қ. «Центр Экспертизы и Испытаний» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қарағанды қ. «Карагандинское экспертное аудиторское агентство» ЖШС-ң сынақ зертханасына;
2) Шымкент қ. Шымкент қаласы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасына;
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қостанай қ. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының сынақ зертханасына;
2) Қарағанды қ. «Promfactor» ЖШС-ң сынақ зертханасына.
5. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Қарағанды қ. «Карагандинское экспертное аудиторское агентство» ЖШС-ң сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.