«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 14 тамыздан 2023 жылғы 14 қарашаға дейін ұзартылсын:
1) Астана қаласы, «ЭКОС» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы № KZ.V.01.2109 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қаласы, «НурАс-ПРО» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.1394 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қаласы, «AutoStart» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.2104 аккредиттеу аттестаты
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.