«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 22 тамыздан 2023 жылғы 22 қарашаға дейін ұзартылсын:
1) Ақсай қаласы, «Конденсат» АҚ техникалық химиялық зертханасының № KZ.T.09.2112 аккредиттеу аттестаты;
2) Риддер қаласы, «Казцинк» ЖШС «Казцинкмаш» өнеркәсіп кешенінің салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.07.2114 аккредиттеу аттестаты;
3) Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалының калибрлеу зертханасының № KZ.K.05.2115 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қаласы, «Центр качества на транспорте» ЖШС темір жол көлігіндегі экспедиторлық қызметтер және көліктік-экспедиторлық қызметтер көрсетудің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.02.0973 аккредиттеу аттестаты;
5) Алматы қаласы, «НурАс-ПРО» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.02.0972 аккредиттеу аттестаты;
6) Орал қаласы, «ПРОМКОНТРОЛЬСЕРВИС» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.1353 аккредиттеу аттестаты;
7) Астана қаласы, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалының сынақ орталығының № KZ.T.01.0210 аккредиттеу аттестаты;
8) Астана қаласы, «ART Ecology» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның № KZ.V.01.2116 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 927-ОД 22.08.2023 Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
22 августа 2023