Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеутуралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2023 жылғы 18 тамыздағы
№ 14-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Шымкент қ. «Шымкентский завод «Эталон» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 05.03.2021 жылы берілген № KZ.P.16.1016 аккредиттеу аттестаты қайта жаңартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын..
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.