«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республиқасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңның 22-бабына сәйкесжәне 2020 жылғы 16 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 80 хаттамасы негізінде,БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1.1 ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Ақтөбе облысы, Шалқар қ., «Қамқор Вагон» ЖШС «Шалқар вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбай бақылау цехінің сынақ зертханасы;
Петропавл қ., «Ресей темір жолы» ААҚ-ң Оңтүстік-Орал темір жолы - Петропавл бөлімінің филиалы Локомотив депосының салыстырып тексеру зертханасы;
Қарағанды қ., «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Қарағанды облысы бойынша филиалы Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы қоршаған ортаның ластану жағдайын бақылайтын кешенді зертханасы;
Петропавл қ., «Ресей темір жолы» ААҚ-ң Оңтүстік-Орал темір жолы - Петропавл бөлімінің филиалы Вагон депосының салыстырып тексеру зертханасы;
Петропавл қ., «Ресей темір жолы» ААҚ-ң Оңтүстік-Орал темір жолы - Петропавл бөлімінің филиалының құрылымдық бөлімшесі - Петропавл сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;
Павлодар қ., «ЭкоМетр» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Ақтау қ., «СЖС Қазақстан ЛТД» Шетелдік кәсіпорыны ЖШС-ң мүнай сынау зертханасы, мобильдік сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ-ң орталық карантиндік зертханасы;
Семей қ., Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Семей қаласының атмосфералық ауа ластануын бақылау зертханасы;
Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Алматы филиалының тамақ өнімдерінің сынақ зертханасы.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.