Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
4 тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 28 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 33-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Жамбыл облысы, Шу ауданы, «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің филиалы «Шуский локомотиворемонтный завод» салыстырып тексеру зертханасының 25.03.2022 жылы берілген № KZ.P.08.E0882 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.