Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы тамыз айының 09 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №47 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Алматы қ., "Лаборатория строительных материалов" ЖШС-ң (жылжымалы) сынақ зертханасы;
Көкшетау қ., "Кокшетау Жолдары" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., "Казахский научно-исследовательский и проектный институт дорожно-транспортных проблем "ДОРТРАНС" ЖШС-ң орталық ғылыми-зерттеу зертханасы.
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Қарағанды қ., "Qaz Carbon" (Каз Карбон) ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Өскемен қ., "НПО Манометр" салыстырып тексеру зертханасы;
Қостанай қ., "Межрегионэнерготранзит" салыстырып тексеру зертханасы;
Өскемен қ., Риддер қ., Алтай қ., "Казцинк" ЖШС-ң "Казцинк-Автоматика" өнеркәсіп кешенінің салыстырып тексеру зертханасы.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Алматы қ., "Т-Стандарт" ЖШС-ң сынақ орталығы;
Теміртау қ., «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ң табиғатты қорғау бөлімінің атмосфералық ауа қорғау сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., "АА-Экология" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақмола облысы, Степное ауылы, "Научно-исследовательский диагностический центр "Diagnostic Group" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Түркістан обл., Сарыағаш қ., "Сертификационный Центр "Сапа Стандарт KZ" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, үрдістер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес:
3.1 Келесі ұйымдардың өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін:
Алматы қ., "Т-Стандарт" ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органы.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Грузия, Тбилиси қ., "Сентро Лаб" ЖШҚ-ң калибрлеу зертханасы;
Жаңаөзен қ., "Казахский газоперерабатывающий завод" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
4.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
Алматы қ., "СЖС Казахстан ЛТД" Шет елдік кәсіпорыны ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., "Сертис-М" өндірістік кооперативінің сынақ орталығы.
4.3 Алматы қ., «Электромагниттік және хабарлар жүйелерінің қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу саласының кеңеюіне және ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты.
4.4 Алматы қ., "Asia LabService" сынақ зертханасының тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты.
4.5 Келесі аккредиттеу субъектілері атауының өзгеруіне байланысты:
Алматы қ., ҚР ДМС-ң «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласындағы аумақтық филиалының зертханалары бар сынақ орталығының атауының Алматы қ., ҚР ДМС-ң Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласындағы аумақтық филиалының зертханалары бар сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты;
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, ҚР ДСМ-ң ҚДСК-ң «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облысы бойынша филиалының Степногорск қалалық бөлімшесінің сынақ орталығының атауының Ақмола облысы, Степногорск қаласы, ҚР ДСМ-ң Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облысы бойынша филиалының Степногорск қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы.
4.2 Алматы қ., "СЖС Казахстан ЛТД" Шетелдік Кәсіпорын ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасының заңды мекен-жайының өзгеруіне байланысты.
5. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.