Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы қыркүйек айының 16 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №56 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Макинск қ., "Строительная корпорация Сарыарка" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Қарағанды облысы бойынша филиалының Қарағанды қаласындағы және Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы қоршаған ортаның ластану жағдайын бақылау кешенді зертханасы.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Павлодар қ., "Павлодаржолдары" ЖШС-ң жол-құрылыс зертханасы;
Петропавл қ., "Стадия" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Атырау қ. "Атырау жолдары" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Екібастұз қ., Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының суқұбырлық құрылысты тазартқыш химиялық зертханасы;
Екібастұз қ., Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының канализациялық тазартқыш құрылыстарының химиялық зертханасы.
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Ақтобе қ., "Global Standart Inc" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Павлодар қ., "Гринпром-ПВ" ЖШС-ң калибрлеу зертханасы.
3. ҚР СТ ISО 15189-2015 "Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Қарағанды облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы аккредиттелсін.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Орал қ., "Испытательный центр "Орал" ЖШС-ң сынақ орталығы;
Атырау облысы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалының химиялық сынақ зертханасы.
4.2 Аккредиттеу саласының кеңеюіне және ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Нұр-Сұлтан қ., "Collateral Management International" ЖШС-ң ғылыми орталығы;
Қарағанды қ., «КазГидроМедь» ЖШС-ң инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының сынақ зертханасы.
4.3 ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Ақтау қ., «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ң дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылумен, сумен жабдықтау зауытының № 2 цех өндірісін химиялық-бактериологиялық бақылау жөніндегі сынақ зертханасы;
Алматы қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Астана филиалының сынақ орталығы;
Орал қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Батыс Қазақстан филиалының сынақ бөлімі;
Алматы қ., «Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ң фитосанитарлық зертханалық талдау сынақ орталығы;
Қарағанды қ., «TREI-Караганда» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
4.4 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің атауының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті атауына өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облысы бойынша филиалының сынақ орталығы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Ақмола облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Атбасар аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы.
5. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.