Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы қараша айының 15 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №70 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Павлодар қ., «CONTRUST KZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Нұр-Султан қ., әкімдігінің ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК-ң канализациялық тазартқыш құрылыстарының аналитикалық зертханасы;
Қостанай қ., «СЖС Қазақстан ЛТД» Шетелдік кәсіпорыны ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Алматы қ., «ТумарМед» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Султан қ., «Инженерный центр «Астана» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Султан қ., «Фирма Жаңабет» ЖШС-ң сынақ орталығы.
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
Шучинск қ., «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ң «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Бурабай курорты сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы;
Көкшетау қ., «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ң «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Көкшетау электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы.
3. Манғыстау облысының денсаулық сақтау баскармасының
«ЖИТС-ң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МКК-ң медициналық зертханасы ҚР СТ ISО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелсін.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Атырау қ., «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-ң кешенді геотехникалық зертханасы;
Атырау қ., «Поверитель НК» ЖШС-ң сынақ зертханасы және стационарлық-мобильдік зертханасы.
4.2 ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Қарағанды қ., «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-ң сапаны бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
Алматы қ., «КазЮжностройсертиф» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтау қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Өскемен қ., «Экология-Сервис» ЖШС-ң аналитикалық зертханасы.
4.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгеруіне байланысты:
Қарағанды қ., «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республиқалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпкорны Қарағанды облыстық филиалының өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау зертханасы атауы Қарағанды қ., «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республиқалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпкорны Қарағанды облыстық филиалының өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Қостанай қ., ҚР БҒМ «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-ң Ғылыми инновациалық орталығының тамақ өнімдерін өндіру сынақ зертханасы атауы
Қостанай қ., ҚР БҒМ «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-ң қолданбалы биотехнология Ғылыми-зерттеу институтының сынақ зертханасы атауына өзгеруіне байланысты.
4.4 Ақтөбе қ., «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндірісті автоматтандыру және байланыс цехының технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі учаскесінің өлшеу құралдарын тексеру және жөндеу бойынша салыстырып тексеру зертханасының Ақтөбе қ., «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өлшем құралдарын тексеру/калибрлеу жөніндегі зертханасына қайта құрылуына және атауының өзгеруіне байланысты.
5. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.