Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы қараша айының 25 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №75 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес Алматы обл., Абай ауылы, "Антиген" Ғылыми-өндірістік кәсіпорны" ЖШС-ң сынақ орталығы.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес Орал қ., "QHSE-Akbarys" ЖШС-ң калибрлеу зертханасы аккредиттелсін
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгеруіне байланысты:
Алматы қ., "Express certification" ЖШС-ң сынық зертханасы атауы Алматы қ., "CERINS" Сертификация & Инспекция ЖШС-ң сынық зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
Алматы қ., "CERINS" Сертификация & Инспекция ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органы атауы Алматы қ., "CERINS" Сертификация & Инспекция ЖШС-ң сәйкестікті растау жөніндегі органы атауына өзгеруіне байланысты.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің мекен-жайы атауының өзгеруіне байланысты:
Атырау қ., "МЫРЗА-ХАН" ЖШС-ң Атырау филиалының "ОЛИМП" клиникалық-диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы;
Өскемен қ., "КДЛ ОЛИМП" ЖШС-ң Шығыс Қазақстан филиалының "ОЛИМП" клиникалық-диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы.
4. «ҰАО» ЖШС-нің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.