Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы қараша айының 29 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №76 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Степногорск қ., "Бірлескен кәсіпорын күкірт қышқыл зауыты кәсіпорны Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-ң зауыт зертханасы;
Ақтау қ., "Геоэкосервис" ЖШС-ң гидрогеология бөлімінің атмосфералық ауа мен эмиссиялар сапасын бақылайтын сынақ зертханасы.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Орал қ., "HSE Service" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Атырау қ., "Вест Контроль Сервис" ЖШС-ң сынақ зертханасы (жылжымалы).
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін:
Нұр-Султан қ., "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ң "Жол диагностикалық орталығы" филиалының Астана салыстырып тексеру зертханасы;
Қарағанды қ., "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ң Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі филиалының Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК-ң Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы
ҚР СТ ISО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелсін.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Батыс Қазақстан облысы, Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орны "Жаикмунай" ЖШС-ң газды кешенді дайындау қондырғысының сынақ зертханасы;
Алматы қ., "Центр сертификации InterCert" ЖШС-ң менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы.
4.2 Нұр-Султан қ., "Центр сертификации и экспертизы "ТЕСТ" ЖШС-ң сынақ орталығы ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне және аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты.
4.3 ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне және аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Атырау қ., "Поверитель НК" ЖШС-ң сынақ зертханасы және стационарлық-мобильдік зертханасы;
Нұр-Султан қ., "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-ң орталық зауыт зертханасы.
4.4 Ақтау қалысындағы "ҚазМұнайГаз" өндіру және бұрғылау технологиялардағы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-ң "ҚазмұнайгазҒЗЖИ" филиалының ғылыми зертханалық зерттеулер орталығы атауы Ақтау қ., "КМГ Инжиниринг" ЖШС-ң "ҚазмұнайгазҒЗЖИ" филиалының ғылыми зертханалық зерттеулер орталығы атауына өзгеруіне байланысты және мекен-жайының атауының өзгеруіне байланысты.
4.5 Нұр-Султан қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң филиалының сынақ орталығы атауыНұр-Султан қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң филиалының сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты.
5. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.