Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2019 жылғы желтоқсан айының 20 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №80 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханасы аккредиттелсін:
Нұр-Султан қ., "Global information security" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., "Батыс Сапа kz" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2. ҚР СТ ИСО/ХӘК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Қарағанды қ., "Гормонтажпроект" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтау қ., "Caspian Inspection Company" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қарағанды қ., "GIO TRADE" ЖШС-ң сынақ орталығы;
Нұр-Султан қ., "Эко-Аналит" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Қарағанды қ., "GIO TRADE" ЖШС-ң сынақ орталығы;
Қарағанды қ., "Сертификационный Центр "Тарту-Стандарт" ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2.2 Лисоковск қ., "Водочет" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 15189-2015 "Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар" талаптарына сәйкес:
3.1 Келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
Алматы қ. ДСБ ШЖҚ "№5 қалалық клиникалық ауруханасы" МКК орталықтандырылған медициналық зертханасы;
Алматы қ., "Центр молекулярной медицины" ЖШС-ң медициналық зертханасы.
4. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
4.1 Келесі аккредиттеу субъектілерін аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Өскемен қ., "ЦентрЭКОпроект" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтау қ., "Мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ-ң ғылыми-зерттеу зертханалық орталығы;
Алматы қ., "Корпорация Сайман" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
4.2 ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Нұр-Султан қ., "АБК-Лаборатория" ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., "ИСТ-ЭКО" ЖШС-ң сынық зертханасы;
Нұр-Султан қ., "Жана ғарыс 2030" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
4.3 Атырау қ., "Атырауинжстрой-АИС" ЖШС-ң сынақ зертханасының қайта құрылуына байланысты.
4.4 Нұр-Султан қ., "Казпром Серт" ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының мекен-жайының өзгеруіне байланысты.
5. "ҰАО" ЖШС-нің Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.