Қазақстан Республикасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы тамыз айының 23 күнгі №50-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтобе облысы, Мұғалжар ауданы, Жем қ., "Бірлескен қазақстандық-ресейлік кәсіпорын - Аманат" ЖШС-ң сынақ зертханасының 2018 жылдың қыркүйек айының 18 күні берілген №KZ.Т.05.1385 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2."ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.