Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы қараша айының 15 күнгі №69-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Орталық ғылыми-өндірістік құрылыс зертханасы» ЖШС-ң сәйк естігін растау жөніндегі органның 2014 жылдың қазан айының 03 күні берілген №KZ.О.02.0622 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның хатшысы сарапшы-аудиторлардың жауапкершілігіне және өнім айналымына қатысты мәселені қарау туралы материалдарды Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.