Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы тамыз айының 09 күнгі №48-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. "Өңімдер, қызмет сертификаттау орталығы" ЖШС-ң сынақ зертханасының 2016 жылдың сәуір айының 29 күні берілген KZ.T.02.0054 аккредиттеу аттестатын қайты жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.