Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2019 жылғы қыркүйек айының 10 күнгі №55-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қарағанды қ., "Сертификационный Центр "Тарту-Стандарт" ЖШС-ң өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2014 жылдың желтоқсан айының 08 күні берілген
№KZ.О.10.0564 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының құрылыс өнімдерінің сәйкестігін растау бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.