Көкшетау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақмола филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) сәйкес сәйкестікті растау бойынша бөлігі қайта жаңғырту туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссияның 2019 жылғы қараша айының 21 күнгі №71-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға және түзету іс-шараларын қабылдауға байланысты Көкшетау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Ақмола филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2014 жылдың сәуір айының 02 күні берілген №1Қосымша / №КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) сәйкес сәйкестікті растау бойынша бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті ақпараттық ресурстарына жойылған сәйкестік сертификаттары туралы ақпаратты орналастырсын.
3. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.