Атырау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Атырау филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы құрылыс өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттеу саласының уақытша жарамсыз бөлігін қайта жаңартудан бас тарту туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2019 жылғы қараша айының 25 күнгі №74-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Атырау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Атырау филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген №1 Қосымша / №КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының косымшасы болып табылатын аккредиттеу құрылыс өнімдерінің сәйкестігін растау бойынша уақытша жарамсыз бөлігін қайта жаңғыртудан бас тартылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.