Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және және аппеляция бойынша Комиссия отырысының 2019 жылғы тамыз айының 21 күнгі № 5/1 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң (әрі қарай – «ҰАО» ЖШС) Басқарма төрағасының 2019 жылғы шілде айының 02 күнгі №АО-19-07/33 «Алматы қ., "Ғылыми-Зерттеу Орталығы "Алматы-Стандарт" ЖШС-ң сынақ орталығының аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР бойынша қосымшасын уақытша жарамсыз деп танылу туралы» бұйрығының күші жойылсын.
2. "ҰАО" ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісін және уәкілетті органды хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-нің Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.